Өткен аптаның 10-11 сентябрі күндері Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау минстрлігінің орынбасары Андрей Пудов басшылығындағы делегация Өзбекстанға келді.
Құрылыс және үй-жай шаруашылығы, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері, Роструд, Мәскеу үкіметі және «Роскапстрой», «Нострой», «Наймикс», «Альмас-интеграл», «ПИК индастри», «Ренессанс Хэви Индастрис», «Яндекс» сияқты ірі жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілдерінен құралған делегация мүшелері астанамыздағы «Ишга мархамат» моноорталықтарда еңбек миграциясы мәселелеріне арналған кездесулер өткізілді.
Сапар кезінде «Құрылыс саласында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Өзбекстан Республикасы азаматтарын Ресей Федерациясына жұмылдыру бойынша плот жобаны жүзеге асыру» туралы Өзбекстан Республикасы Жұмысбастылық және еңбек қатынастары министрлігінің тұсаукесері өткізілді.
Сондай-ақ, екі мемлекеттің тиісті министрліктері мен мекемелердің жауапты өкілдерінің қатысуында азаматтарды ұйымдастыру ретінде жұмысқа орналастыру, еңбек мигранттарының денсаулығын қорғау, ішкі істері органдары өкілеттігіне тиісті мәселелер талқыланды. Осы кезге дейін Ресей Федерациясына жұмысқа баратын азаматтар патент құжатын алу үшін осы мемлекетте 5 түрдегі медициналық тексеруден өту және бармақ ізін ішкі істер базасына енгізуге 1 айға дейін мерзім талап етілетін еді. Ресейлік серіктестермен бірге кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде осы сияқты істер ендеше Өзбекстанда жүзеге асырылып, жұмысшылар дайын жағдайда Ресейдің еңбек базарына кіріп баратын болды.
Ресей Федерациясы еңбек миграциясы бойынша делегацияның мемлекетімізге сапарының қорытындылары бойынша төмендегілерге қол жеткізілді:
1. Құрылыс саласында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Өзбекстан Республикасы азаматтарын Ресей Федерациясына жұмылдыру бойынша пилот жоба аясында 10 мың еңбек мигранты жуық арада жеңілдетілген тәртіп негізінде Өзбекстаннан Ресейге жұмысқа тартылады.
Үміткерлерді жұмысқа тартумен байланысты, сондай-ақ медициналық тексеруден өткізу, емдеу, орыс тілі, Ресей тарихы мен заңдары бойынша емтихан тапсыру, патентті тіркеу және транспорт құжаттарын жұмыс берушілер тарапынан қапталуы көзделген.
2. Ресей Федерациясы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырмақ ниетінде болған азаматтарды екпе егу және коронавирусқа қарсы тест тапсыру үдерістерін екі мемлекет мамандары тарапынан Ресей тарапы медициналық қондырғылар көмегінде бірге Өзбекстанда жүзеге асыру және оның нәтижесі бойынша медициналық мәліметтерді «COVID-19-сыз саяхат» қосымшасы жүйеге интеграциялау белгіленген.
3. Ресей Федерациясы аумағында еңбек қызметін жүзеге асырмақ болған азаматтар патент алуда талап етілетін дактилоскопиялық тіркеуге алу және суретке түсу үдерістерін екі мемлекет Ішкі істер министрліктері тарапынан Ресейдің қондырғылары көмегінде Өзбекстанда жүзеге асырылуына келісіп алынды. Енді екі мемлекет ортасында еңбек миграциясы саласында қол жеткізілген келісімді Ресей Федерациясында жұмыс істемекші болған көптеген жерлестеріміз үшін қосымша мүмкіндіктер жасалып, азаматтардың уақыт пен қаражаттары қысқарады.