1000-нан астам оқушылары студент болған қарақалпақстандық белсенді ұстаз

    Білім 13 Sentabr 2021 2581

    Жуырда Қарақалпақстан Республикасының Әмудария ауданындағы №56 жалпы орта білім беретін мектептің 82 пайыз бітірушісі студент болғаны туралы хабарлаған едік.

    Бүгін осы мектептің математика пәні оқытушысы, 32 жылдық тәжірибеге ие оқытушы Азимбай Сапарбаевтың қызметімен сіздерді таныстырамыз. Тәжірибелі педагог білім үдерісіне инновациялық технологияларды ұсынып, жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырды.

    Оқушылар бос уақытын нәтижелі ұйымдастыру және олардың дарынын дамыту мақсатында Азимбай Сапарбаев “Жас математиктер” үйірмесін ұйымдастырған және осы пәнге қызығатын 100-ден астам оқушы үшін қосымша жаттығулар өткізіп келеді. Мектеп оқушыларын пән олимпиадасына және жоғары оқу орындарына оқуға даярлап, жас ұрпақтың білімді болып, кәмелетке толуына лайықты үлес қосуда. Нәтижеде ізденімпаз ұстаздың оқушылары жалпы білім беретін пәндер олимпиадасына нәтижелі қатысып, ұстаз еңбегін мектепте-ақ ақтауда. Сонымен қатар дарынды оқушылар математика пән олимпиадасына, сондай-ақ әлем олимпиадасына іріктеу басқышына қатысып, 1-,2- және 3-орындарды иелеген. Озық педагогтан сабақ алған оқушылардың 85 пайызы түрлі жоғары оқу орнына кіріп студент болуда.

    Тәжірибелі ұстаз біріншілерден болып мектептерде вариативтік оқу жоспары негізінде ұйымдастырылған Х-ХІ сыныптарда сабақ жаттығуларын бастаған. Вариативтік сыныптар бойынша өткізілген тест нәтижелеріне қарағанда оқушылар 75-78 пайыз нәтиже көрсетуде. 2020 жылда вариатив сынып оқушыларының 33-інен 29-ы еліміздің беделді жоғары оқу орындарына, яғни 11 мемлекеттік грант және 18 келісімшарт негізінде оқуға қабылданған. Жоғары оқу орнына кіру 88 пайызды құрап, бұл нәтижемен Қарақалпақстан Республикасында ең алдыңғы орынды иеледі. 2020 жылы бітірушілерінің жоғары білім орнына кіру көрсеткіші бойынша енгізілген түс категориясында мектеп 46,2 пайызбен жасыл мектеп мәртебесіне ие болды.

    2021-2020 оқу жылы барысында ұстаз А.Сапарбаевтың “ Жас метематиктер” үйірмесінде білім алған 97,3 пайыз шәкірттері Өзбекстан Республикасының және шетелдің жоғары оқу орындарына студент болу бақытына ие болды. Қазірде ұстаздың жоғары білімді шәкірттерінің саны 1 500-ге жетті.

    Азимбай Сапарбаев ғылыми-әдістемелік ізденістері негізінде жасалған “Заманалық сабақты ұйымдастыру әдістемесі”, “Тригонометрикалық теңдік және теңсіздіктер жүйелері”, “Логарифмикалық теңдеулерді шешудің қолайлы әдістері”, “Абитуриент үшін математикадан тест сұрақтары”, “Квадрат функциялар графигі”, “Оқушыларда логикалық ойлауда математика пәнінің орны” сияқты 12-ден астам оқу-әдістемелік қолданбалары білім үдерісіне ұсынылған. Мұғалім өзі жасаған “Математикадан олимпиада мәселелері” тақырыбында электронды сабақ істері, 150-ден астам көрмелі құралдары, қиын тақырыптарды оқыту бойынша электронды слайд және плакаттарды сабақ жаттығуларында тиімді пайдалануда.

    Ізденімпаз педагог жанкүйер әрі қарапайым адам ретінде кәсіптестері және жерлестері арасында құрметке бөленген. Көптеген байқауларда 1-орынды иелеп, мақтау жарлықтарымен, дипломдармен марапатталған.

    Айтпақшы, Азимбай Сапарбаев 10-нан астам “Темір дәптерге” кірген оқушыларды тегін Жоғары оқу орындарына дайындап, олардың студент болуына да өзінің үлесін қосқан белсенді жан.

    Халыққа білім беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates