Енді Өзбекстан азаматтары Таиландқа бару үшін
алдын ала Таиланд Корольдігінің ресми электронды виза порталы арқылы сауалнама
толтырып, кіру визасын рәсімдеуі қажет.
Электронды визаға арналған сауалнама
толтырылғаннан кейін виза үшін төлемді Таиланд Корольдігінің Ресей
Федерациясының Мәскеу қаласында орналасқан елшілігіне жеке барып төлеу қажет,
деп Өзбекстан Республикасының Бангкок қаласындағы Бас консулдығы хабарлады.
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз
хатшысы Омонулла Файзиевтың «Gazeta» басылымына берген түсініктемесінде қазіргі
уақытта Өзбекстан азаматтары үшін неғұрлым қолайлы тәртіп қалыптастыру мақсатында
Таиланд тарапымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
«Біз Таиланд тарапымен осы тәртіпті өзгерту
бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді ол.