Бұл туралы «Узкосмос» агенттігі хабарлады.

Аталған рәсімге Халықаралық астронавтика федерациясының президенті Габриэлла Арриго, Өзбекстан Республикасының цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов, «Узкосмос» агенттігінің директоры Шухрат Қодиров және «Жасанды интеллект альянсы» Беймемлекеттік бейкомерциялық ұйымының директоры Азиз Мухиддинов қатысты.

Бұл құжат IAC-2028 конгресін Самарқантта ұйымдастыру және өткізуге дайындықтың маңызды практикалық кезеңі болып саналады.

Енді конгресті жоғары деңгейде ұйымдастыру, халықаралық қатысушылар үшін қажетті инфрақұрылымды дайындау және конгресс бағдарламасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.