18 июньде Мәскеу қаласында ТМД экономикалық кеңесінің 90-жиналысы өтеді

    ТМД елдері делегациялары басшылары Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттер экономикалық серіктестігінің түрлі бағыттарын қамтыған бірқатар мәселелерді талқылайды.

    Ынтымақтастық Экономикалық кеңесінің 90-шы жиналысы күн тәртібіне ТМД-ға мүше мемлекеттердің Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағында көрме және сауда жәрмеңкелерін ашу мәселесі кіргізілген.

    2021 жылы Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан павильондарының жұмыс бастауы жоспарланған. Қазіргі кезде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағында Әзербайжан, Армения және Беларусь павильондары қызмет көрсетуде. Молдова павильоны сынақ режімінде істеуде. Көрме және сауда орталықтары ТМД-ның жақындап келе жатқан 30 жылдығына арналған шараларға да белсенді қатысады.

    Экономикалық кеңес жиналысында ТМД-ның мемлекетаралық статистикалық комитеті ТМД-ға мүше мемлекеттер экономикалық дамуының 2020 жылғы негізгі мақсатты макроэкономикалық көрсеткіштері туралы есебін ұсынады.

    Сондай-ақ, ТМД Экономикалық кеңесі мүшелеріне ТМД-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы ынтымақтастық концепциясын жүзеге асыру бойынша үстем іс-шаралар жоспары және қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалануда ТМД-ға мүше елдер ынтымақтастығы концепциясын жүзеге асыру бойынша үстем іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы мәлімет беріледі.

    Жиналыс қатысушылары сонымен қатар 2026 жылға дейін молжалданған шегіртке зиянкестерін фитомониторингілеу және бақылау бағдарламасын жасау және жүзеге асыру бойынша “Жол картасын”, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту бойынша басқа құжаттарды қарастырады, деп хабарлайды “Дуне” АА.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates