Азаматтарға СТИР беру тоқтатылады

    Қаржы 10 Iyun 2021 663

    Бұл туралы АОКА да өткізілген баспасөз конференциясында Мемлекеттік Салық комитетінің басқарма бастығынының орынбасары Комил Сайидов мәлімдеді.

    “Тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерге мемлекеттік қызметті пайдалануда тағы да қолайлы жағдайлар жасау, бұл жөнінде әміршілдік тосқауылдарды азайту бойынша қосымша іс-шаралар туралы” Президент Жарлығына сәйкес, салық органдары тарапынан ендеше азаматтар мен салық төлеушілердің есебін жүргізу жеке идентификация нөмері арқылы жүзеге асырылады.

    Бұдан көзделген негізгі мақсат — мемлекеттік органдарда да азаматтар туралы мәліметтерді сақтауда және пайдалануда бірдей идентификаторларды пайдалану. Яғни ІІБ паспорт сериясы, салық органы СТИР, кадастр органдары кадастр нөмерімен емес, бір идентификатор арқылы қажетті мәліметтерді алуға қол жеткізу”, — дейді К. Сайидов.