баннер
15 Apr 2025
11:35

    Өзбекстанда төлем жүйелеріндегі ақша аударымдарына бақылау күшейтіледі

    Ағымдағы жылдың 2 июлінен бастап төлем жүйелері, электрондық ақша жүйелері мен төлем ұйымдарының қызметіне бақылау күшейтіледі.

    Осыған байланысты рәсімдерді Орталық банк пен Бас прокуратура жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаменті тарапынан тиісті қаулылар әзірлегенді.

    Осы қаулыға сәйкес, төлем ұйымдары төмендегі жағдайларда клиенттерді тексеру үшін тәуелсіз шаралар қабылдауы қажет:

    жеке тұлға төлем ұйымының мобильді қосымшасы арқылы аккаунт ашуға өтініш берген кезде;

    Электрондық терминалды (E-POS) пайдалануға өтініш берген кезде;

    БЕМ-нің 500 есесіне тең (187,5 миллион сум) немесе одан да көп суммадан төлем ұйымдары мобилді қосымшасында аккаунт ашпай немесе мобилді қосымшасындағы аккаунттан пайдаланбай операцияларды жүзеге асырған кезде;

    клиент туралы бұрын алынған ақпараттың дұрыстығына немесе жеткілікті екеніне күмән туындағанда.

    11,25 миллион сумнан асатын электрондық ақша аударымдарында жіберуші мен алушы туралы толық идентификациондық ақпараты қоса берілуі қажет:

    Жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе ІD-карта нөмірі, туған күні мен жері;

    Заңды тұлғалар үшін: ұйым атауы, STIR.

    Сондай-ақ, әрбір операция үшін тәуекелшілік дәрежесіне сай нақты дәрежесі белгіленеді және идентификация мәліметтері жеке тәртіпте жүргізіледі.

    Бұл шаралар ақшаны жылыстатуға, терроризмге және жаппай қырып-жоятын қаруды қаржыландыруға қарсы күресу мақсатында енгізілуде.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech