Елiмiзде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың арқасында адамның қадiр-қасиетiн, оның құқықтары мен мүддесiн қамтамасыз ету, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы бейбiтшiлiк, достық және ауызбiршiлiк ортасын, әлеуметтiк әдiлеттiлiк қағидаттарын нығайту үшiн үлкен қадамдар жасалуда. Мұның баршасы көне тарихы және дәстүрлерi бар шығыстық жаңа жыл мерекесi — Наурыздың адамгершiлiк маңызы, оның бауырмалдық, қайырымдылық, мейiр-шапағат сынды ежелгi құндылықтарының мазмұнын одан әрi жоғарылатуда.
Жаңа Өзбекстанда соңғы жылдары жүзеге асып жатқан шынайы тарихи өзгерiстерге сәйкес, мағынасы мен мазмұны тереңдеп келе жатқан Наурыз мерекесiн барлық қалаларымыз бен ауылдарымызда, бүкiл елiмiзде жалпыхалықтық сейiл ретiнде жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және көтерiңкi рухта атап өту мақсатында қаулы етемiн:
1. 2026 жылғы Наурыз жалпыхалықтық мерекесiне дайындақ жасау және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң (бұдан әрi — Ұйымдастыру комитетi) құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ұйымдастыру комитетi (А.Арипов) бiр апта iшiнде:
а) Республикалық Руханият және ағарту орталығының, Мәдениет министрлiгiнiң, Жастар iстерi агенттiгiнiң, Өзбекстан Жазушылар одағының, Өзбекстан махаллалары қауымдастығының және “Нуроний” қорының ұсынысы бойынша Наурыз жалпыхалықтық мерекесiнiң идеялық мазмұнын күшейту жөнiндегi концептi (бұдан әрi — Концепт) бекiту;
б) Ташкент қаласында, Қарақалпақстан Республикасында және облыс орталықтарында, барлық қалалар мен аудандарда, ауылдарда Наурыз жалпыхалықтық мерекесiн лайықты атап өту бойынша “Наурызды дәрiптеу — адамды дәрiптеу!” деген асыл идеяны қамтыған ұйымдастырушылық, iс жүзiндiк, мәдени-рухани, сондай-ақ үгiт-насихат шараларының бағдарламасын бекiтсiн және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Концептiде көрсетiлген негiзгi бағыттар мен ұсыныстарға сәйкес, жер-жерлерде Наурыз жалпыхалыңтық мерекесiне арналған барлық iс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және оларға отандастарымыздың белсене қатысуын қамтамасыз ету мақсатында келесi мәселелерге ерекше назар аударылсын:
а) барлық тiршiлiк иелерiнiң оянуын, адам мен табиғат арасындағы үйлесiмдiлiктi, жер-анаға деген сүйiспеншiлiк пен назарды көрсететiн, отандастарымызды бейбiт әрi тыныштық өмiрiмiздi бағалауға, су мен жер ресурстарын тиiмдi пайдалануға және ризашылық сезiмiмен өмiр сүруге шақыратын әсерлi мазмұн мен формада мерекелiк iс-шаралар өткiзу;
б) елiмiзде жүзеге асырылып жатқан iргелi демократиялық реформаларды, халқымыздың күнделiктi өмiрiнде, санасында және дүниетанымында болып жатқан оң өзгерiстердi, әсiресе Наурыз күндерi айқын көрiнетiн өзара бiрлiк пен ынтымақтастықтың iзгi қасиеттерiн насихаттау;
в) биылғы Наурыз мерекесiн қасиеттi Рамазан айты мерекесiмен бiрге атап өтiлуi оның адамилық қағидаттарын одан әрi нығайта түсетiнiн ескере отырып, аға буын өкiлдерiн, атап айтқанда, Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысушылар мен еңбек майданының ардагерлерiн жан-жақты құрметтеу, “Мехрибонлик”, “Саховат” және “Мурувват” үйлерiнде тұратын адамдардың, әлеуметтiк қорғау дәптерлерiне енгiзiлген және көмекке мұқтаж адамдардың жағдайынан хабар алу, оларға мерекелiк дастарқандар жаю, сондай-ақ махалла белсендiлерiнiң, жастар мен әйелдер өкiлдерiнiң қатысуымен үйлестiрiлген түрде әртүрлi қайырымдылық шараларын ұйымдастыру;
г) “Жасыл мекен” жалпыхалықтық жобасы аясында белгiленген шараларды жүзеге асыру, мереке қарсаңында барлық аумақтарда, көшелер мен алаңдарда, махаллаларда, аудандар мен қалаларда абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргiзу, “Мен де көшет отырғызамын” науқандарын және жалпыхалықтық асарлар ұйымдастыру;
д) қоғамымызда қалыптасқан ұлтаралық достық пен татулық ортасын нығайту мақсатында елiмiзде тұратын түрлi ұлттар мен ұлыс өкiлдерiнiң ұлттық әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерi мен құндылықтарын кеңiнен көрсету;
ж) мерекелiк шаралар кезiнде қолөнер көрмелерiн, ұлттық спорт түрлерiнен жарыстарды өткiзу, кiтап көрмелерiн, жеңiлдiкпен ауыл шаруашылығы және азық-түлiк өнiмдерiнiң жәрмеңкелерiн, жылжымалы дүкендердi ұйымдастыру, жасыл тағамдар дайындау және осыған байланысты көрмелiк сатылымдар мен байқаулар ұйымдастыру;
з) барлық қалалар мен ауылдарда өткiзiлетiн мерекелiк iс-шараларында, бұқаралық ақпарат құралдарында Наурыз мерекесiнiң тарихын, әрбiр аумақта оны тойлаумен байланысты әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердi кеңiнен жарыту;
и) Ташкент қаласындағы “Жаңа Өзбекстан” кешенiнде арнайы бағдарлама негiзiнде халық сейiлдерiн ұйымдастыру.
4. Мәдениет министрлiгi (О.Назарбеков) Республикалық Руханият және ағарту орталығымен (О.Хасанов), Өзбекстан Жазушылар одағымен (С.Саидов) бiрлесiп, бiр апта iшiнде Концептiге сәйкес Ташкент қаласында Наурыз мерекесiне арналған негiзгi театрландырылған концерттiк қойылым бағдарламасын әзiрлесiн.
5. Қарақалпақстан Республикасы Министрлер Кеңесi, облыстар және Ташкент қаласы әкiмдiктерi:
а) бiр апта iшiнде Наурыз жалпыхалықтық сейiлдерiн өткiзу бойынша мыналарды көздейтiн аумақтық iс-шаралар бағдарламаларын әзiрлеп, бекiтсiн:
i) жалпыхалықтық сейiлдер өтетiн бас алаңдарды, көшелер мен саябақтарды мерекелiк безендiру;
ii) тәжiрибелi жергiлiктi сценарийшiлермен, режиссерлермен, композиторлармен, балетмейстерлермен, сахна дизайнерлерiмен, талантты жас орындаушылармен және фольклорлық өнер өкiлдерiмен бiрлесiп, сейiлдер мен қойылымдарды жоғары көркемдiк деңгейде дайындау шараларын қарастыру;
iii) мерекелiк iс-шаралар аясында әр аумаққа тән халық ойындарын, қойылымдарды, көрмелердi өткiзу және көктемгi тағамдар сатылатын ашық асханаларды ұйымдастыру;
б) мерекелiк бағдарламалар мен көпшiлiк алдындағы қойылымдарды дайындауға, көшелердi, алаңдар мен саябақтарды безендiруге бiлiктi мамандардан тұратын шығармашылық топтарды кеңiнен тарту;
в) барлық шаралардың қоғамдық қауiпсiздiк талаптарына қатаң сәйкес өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
6. Белгiленсiн, өткiзiлетiн мерекелiк iс-шаралардың шығындары:
а) Ташкент қаласында — республикалық бюджеттен және Ташкент қаласының жергiлiктi бюджетiнен тең үлестермен;
б) Қарақалпақстан Республикасында және облыстарда — тиiстi жергiлiктi бюджеттерден және демеушiлiк қайырымдылық есебiнен қапталады.
7. Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттiгiне, Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясына, “Дуне” ақпараттық агенттiгiне және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына Наурыз жалпыхалықтық мерекесiне дайындық жасау және оны өткiзу бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды жан-жақты жариялап бару ұсынылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау мiндетi Өзбекстан Республикасының Премьер-министрi А.Н.Ариповқа жүктелсiн.
Өзбекстан Республикасы
Президентi Ш.МИРЗИЯЕВ
Ташкент қаласы, 2026 жылғы 6 март