5 ақпарат жүйесі, 8 мың IT-оператор медбике штаты енгізілді

    Цифрландыру 6 Sentabr 2021 2729

    Тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық қызмет көрсету, медицина саласын одан әрі жетілдіру, жүйе қызметкерлері мен науқастар үшін қолайлы жағдайлар жасау әрдайым да ділгір саналған.

    Бірақ бүгінгі заманалық медицинаны ақпарат технологияларсыз көз алдыңызға келтіруге болмайды. Өйткені, кейінгі жылдарда елімізде денсаулық сақтау саласын цифрландыруға баса назар аударылуда.

    Соңғы 4-5 жыл ішінде 3029 біріншілікті және емдеу профилактикасы мекемелеріне жоғары жылдамдықтағы интернет тармағы өткізілді. Сондай-ақ 3 түрдегі мәліметтерді «Электронды үкімет» жүйесі арқылы беру бойынша мекемеаралық ақпарат жүйесіне интеграцияланды.

    Салаға қатысты 5 ақпарат жүйесі («Электронды емхана», «Emlash.uz», «Bemor.uz», «Xatlov.uz», «Туу және өлім жағдайларын электронды тіркеуге алу») жасалады.

    Бұдан тыс, халықаралық тәжірибе үйреніліп, денсаулық сақтау жүйесін 2025 жылға дейін цифрландыру стратегиясы (E-health-2025) жобасы жасалды. Әсіресе, 8 мың ІТ-оператор медбикелер штаты енгізілгені және басқа денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері компьютерде сауатын ашуы саладағы маңызды өзгерістердің бірі болды.

    Бір сөзбен айтқанда, бүгінде медицина жүйесінде атқарылып жатқан дәйекті реформалар жерлестерімізге тағы да сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін береді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates