Волонтерлікке 672 студент қабылданды

    Ел назарында 19 Noyabr 2021 1312

    Ташкент теміржол техникумында 2021/2022 оқу жылының 1-басқышына қабылданған 672 студентті Өзбекстан Қызыл жарты ай қоғамы теміржол аймақаралық ұйымы мүшелігіне волонтер, яғни ерікті етіп қабылдауға арналған шара өтті.

    Шара басында Өзбекстан Қызыл Жарты Ай қоғамы теміржол аймақаралық ұйымының төрағасы Д.Каримова Өзбекстан Қызыл Жарты Ай қоғамының құрылғанына 96 жыл және Өзбекстан Қызыл Жарты Ай қоғамы облыстық ұйымының құрылғанына 64 жыл толуына және Өзбекстанның Қызыл Жарты ай қоғамының теміржол аймақтық ұйымы тарапынан «Жастарды қолдап-қуаттау және тұрғындар денсаулығын нығайту жылы» Мелекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуде кемелденген ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, жастарды рухани- интеллектуалды дүниетанымын байыту, ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарға құрмет рухында тәрбиелеуде атқарылған істер туралы баяндама жасады.

    Содан соң Өзбекстан Қызыл жарты ай қоғамының медициналық-әлеуметтік бөлімінің басшысы Санжар Умаров ұйымның құрылу тарихы, эмблемасы және негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Атап айтқанда, жастардың ұлы бабаларымызға лайықты ұрпақ болып, еліміздің дамуына лайықты үлес қосуы керектігі айтылды.

    Шараға қатысқан және ұйымға волонтер ретінде қабылданған студенттер қайырымды болуға, волонтерлік борышын адал атқаруға уәде беріп, үндеуді белсенді волонтер оқушы Райхон Сапарбекова оқып берді.

    Ұйыммен бірлесе отырып студенттер арасында мәдени-ағарту, қайырымдылық және сауықтыру шараларында жемісті еңбек еткені үшін техникумда жастар жетекшісі Дилбар Режаметова ұйымның Мақтау қағағзымен марапатталды, деп хабарлайды «Узбекистон темир йуллари» АҚ баспасөз қызметі.