96 ұл-қыз Президент мектебінің алғашқы бітірушілері болды

    Білім 22 Iyun 2021 1498

    Ташкент, Хиуа, Наманган, Нөкіс қалаларында қызметі жолға қойылған Президент мектептерінің алғашқы бітірушілері үшін Мемлекеттік басқару академиясында ашық сұхбат және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

    Кездесу Президент әкімшілігі, Президент құзырындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі, Мемлекеттік басқару академиясы, Президент, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігінің ынтымақтастығында ұйымдастырылды.

    Қазірде Президент мектеп бітірушілерінің 88-і (92 пайыз) оқу жылы аяқталмай Ұлыбритания, АҚШ, Оңтүстік Флорида, Жапония сияқты беделді шетелдің жоғары оқу орындарында білім алу үшін ұсыныстарға ие болды. Ал 8-і қабылдау жауабын күтуде.

    Бітірушілерді үлкен өмірге нық сеніммен шығарып салу мақсатында ұйымдастырылған сұхбат шынайы рухта өтті.