Қатысушылар халықаралық күн тәртібі мен Достастық аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің алдағы отырысының ұйымдастырушылық және мазмұндық жақтары, оның ішінде саммитте қаралатын көпжақты құжаттардың бірқатар жобалары талқыланып, келісілді.

Кездесу нәтижесінде Биологиялық және улы қаруға тыйым салу туралы конвенцияны, ТМД тарихшылары мен мұрағатшыларының халықаралық ассоциациясының жарғысын күшейту туралы ТМД Сыртқы істер министрлерінің Біріккен мәлімдемесі қабылданды. 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында өтетін сыртқы істер кеңселері арасындағы жоспары мен басқа құжаттары бекітілді.