Президент Ферғана облысындағы жүзім алқабына барды

    Билік 12 May 2022 3902

    Президент Шавкат Мирзиеев Ферғана облысына сапарын Алтыарық ауданынан бастады.

    Мемлекет басшысы өңірлерді дамытуда олардың өзіндік ерекшеліктері мен халықтың біліктілігін ескере отырып әрекет ету қажеттігін баса айтқаны белгілі. Алтыарықтың мұндай артықшылығы – ауыл шаруашылығында, халқының тиімділігінде. Атап айтқанда, «Алтыарық» жүзімі шетелде танымал «брендке» айналды.

    Осындай өнім көлемін арттыру мақсатында аудан іргесіндегі мың гектар аймаққа жүзім және бау-бақша плантациясы құрылды.

    Президент осы бау-бақшаныбарып көрді.

    Бұрын бұл жер ешнәрсе егілмейтін құрғақ жер болатын. Ауыл шаруашылығын инновациялық дамыту жұмыстарының нәтижесінде халықтың мың гектар жаңа күнкөрісіне жаңа егістік пайда болды. Ол үшін құдықтар мен тоғандар қазылып, тамшылатып суару әдісі енгізілді. Бұл жерде қолданылатын құрал-жабдықтар мен құбырлар да толығымен жергілікті өнім.

    560 гектар егістік алқапқа жүзім отырғызылып, жүзімнің «хусайни», «келінбармақ», «ризамат», «кишмиш» сияқты танымал сорттары егілуде. 300 гектарлық интенсив бауға алма, шие, өрік көшеттері отырғызылуда.

    Қатар арасына қарбыз егілген. Нарық сұранысына қарай бұрыш, болгар бұрышы, қияр, көк және басқа да бақша дақылдары өсіріледі. Бұлар халықтың қосымша табыс көзі, еліміздің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

    – Ферғана ауыл шаруашылығында үлкен жетістіктерге жетуде, адамдардың дүниетанымы өзгеруде, диқандар экспорттауда. Бірақ кешегі нәтиже бүгінге сәйкес келмейді. Біз үнемі ізденісте, қозғалыста болуымыз керек. Сәл ғана әркеттің нәтижесінде осындай бақша пайда болды. Ішкі әлеуетіміз әлі де көп. Бұл мүмкіндіктер «адамдық қадір-қасиет» қағидасы негізінде халқымыздың мүддесіне бағытталуы керек. Бұл ретте алқаптың інжу-маржаны Ферғана елі үлгі болуы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Бұл жер заманауи агроөнеркәсіп кешені болады – сыйымдылығы 1500 тонналық тоңазытқыш қоймасы, тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынады. 6 шағын трактор, 10 жүк көлігі сатып алынады. Бақша мен жүзім алқабы тұрғындарға үлестірілді. Бұл осындағы жергілікті халық үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

    Мемлекет басшысы ферғаналық диқандар және кластер жетекшілерімен әңгімелесті.

    – Бұл бақ пен жүзімдіктер халыққа жекешелендіріледі. Меншік иесі неғұрлым көп болса, соғұрлым жауапкершілік, сатып алушылардың, шетелдік серіктестердің кәсіпкерге деген сенімі арта түссе, соғұрлым халық табыс табады, – деді Мемлекет басшысы.

    Облыста 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Олар жұмыссыз жастарды, мұқтаж отбасыларды, соның ішінде шетелден оралған еңбек мигранттарын жұмыспен қамтиды.

    Президент осындай жұмысшылармен сқхбаттасты.

    Мұнда Ферғана облысында жеміс-көкөніс шаруашылығы мен гүл шаруашылығын дамыту жобалары таныстырылды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates