Аэровокзал, теміржол және автовокзалдарда қызмет көрсету сапасы жақсарады

    «Аэровокзал, теміржол және автовокзалдарда қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған қосымша іс-шаралар туралы» Үкімет қаулысы (159-санды, 17.04.2023 ж.) қабылданды.

    Қаулымен төмендегі ережелер бекітілді:

    Әуежайдың аэровокзалы кешенінде және вокзал алдындағы алаңдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі туралы;

    Теміржол вокзалдарында (станцияларында) жолаушылар мен келушілердің қол жүгі мен багажын тексеру тәртібі, олардың теміржол вокзалдарында (станцияларынла) болу тәртібі туралы;

    Қаулымен бекітілген ережеге сәйкес, сонымен қатар:

    Аэровокзал кешендері нысандарының кіреберісіне жақын тоқтау үшін тек бағытсыз және бағытты таксилерге ғана тоқтауға рұқсат етіледі, жеке автокөліктер мен қоғамдық көліктер жолаушыларды және келушілерді алып кету және алып келу үшін арналған автотұрақ пен тоқтау орындарына бағытталады.

    Сондай-ақ, эстакаданы пайдалану үшін жолаушы тасу автотранспорттарына рұқсат беріледі. Мұнда жеңіл көліктерге эстакадаға 5 минутқа дейін, автобустар мен шағын автобустарға 10 минутқа дейін тұруға рұқсат беріледі.

    Автокөлік құралдарының барлық түрлері әуежай кешендерінің шекарасынан 30 метрден кем болмаған қашықтықта орналастырылады.

    Теміржол вокзалдарында тексеруден өту уақыты жолаушылардың пойызға шығуына кешігуі үшін жағдай жасалмауы қажет. Тексеру уақытын қысқарту мақсатында тексеру тәртібінің ережесін оңайлатуға жол берілмейді.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates