Шара барысында Ауғанстан дағдарысын шешудегі халықаралық іс-әрекет, елге жедел гуманитарлық және басқа да көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдай, халықаралық қоғамдастықтың елдің жаңа үкіметіне қатысты шоғырландырылған ұстанымын дамыту, Ауғанстанда тұрақты және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату болашақтары туралы пікір алмасты.

Ауғанстан экономикасын қалпына келтірудің, осы елде түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың, атап айтқанда, энергетика мен көлік-коммуникация салаларында қолдау көрсетудің маңыздылығы атап өтілді.

Шара соңында Бірлескен мәлімдеме қабылданып, онда қатысушылар Өзбекстанның БҰҰ аясында халықаралық келіссөздер тобын құру туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.