Мемлекет басшысы халықтың бастамаларын қолдау жөнінде тапсырмалар берді

    Билік 10 Aprel 2023 4483

    «Бастамалық бюджет» бағдарламасы бойынша жеңімпаз болмаған көптеген жобаларға да қаржы бөлінетін болды.

    Бұл туралы Президент Шавкат Мирзиёев бүгін өткен жиында шенеуніктерге тапсырма берді.

    Республикада әлеуметтік инфрақұрылымдағы кемшіліктердің мәселесі шешілуде. Ең бастысы, бұл жобалар халықтың сұранысы мен ұсыныстары негізінде қалыптасуда.

    Осындай жұмыстар аясында соңғы үш жылда 9500 махаллаға 57 триллион сум бөлінген. Осы қаражат есебінен 3500 махаллада ішкі жолдар, балабақшалар, мектептер мен ауруханалар жөнделді. 1 мың 19 махаллада ауыз су және кәріз суының мәселесі жақсарса, 452-де заманауи жағдай жасалған.

    Адам капиталы принципіне сүйене отырып, биылғы жылы махаллаларға бөлінген қаржы көлемі 25 триллион сумға жетті. Атап айтқанда, «Бастамалық бюджет» бағдарламасы аясында 8 трлн сум көзделген.

    Бұл бағдарламаның 1 маусымы жақында аяқталды. Жиында оның қорытындысы мен алда атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берілді.

    Биылғы маусымда тұрғындар тарапынан жол, су, жарық, мектеп, балабақша, ауруханаларды жақсарту бойынша 34 мың жобалық ұсынысқа дауыс берілді. Дауыс беру процесінің қорытындысы бойынша 1 мың 666 жоба жеңімпаз деп танылды.

    Бұл тұрғыда халықтың белсенділігі артқаны да көңілге қонымды. Мәселен, 2021 жылы дауыс беруге 1 миллион 200 мың адам қатысса, биыл 1 маусымда олардың саны 16 миллионнан асты. Сондай-ақ, «Бастамалық бюджет» бағдарламасына алғаш рет республиканың барлық аудандары өз жобаларымен қатысты.

    Мемлекет басшысы жеңімпаз жобаларды сапалы жүзеге асырумен қатар, басқа да жобаларға назар аудару қажеттігін баса айтты.

    – Мәселен, 1300 жобаға 2 мыңнан астам тұрғын дауыс берсе де, жеңімпаз болған жоқ. Бұл 4 миллионнан астам халықтың көтерген мәселесі шешілмеді деген сөз. Сондықтан халықтың бұл игі ұсыныстарын қолдау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    Осы жобаларға қосымша 1 триллион 300 миллиард сум бөлінетін болды.

    Тағы бір маңызды жайт, «Бастамалық бюджет» бағдарламасына қатысатын 34 мың жоба келесі жылдың бюджетін қалыптастыруға дайын ұсыныс болып табылады. Мәселен, елді мекендердегі медициналық мекемелерді жөндеуге мыңнан астам, мектептерді парта және компьютерлермен жабдықтау бойынша 5 мыңнан астам ұсыныс түскен.

    Президент 2024 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде «Бастамалық бюджетте» 1500-ден астам дауыс жинаған жобаларды ескеру қажеттігін айтты.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates