Президент «Sulton Tex Group» кластерінің жұмысымен танысты

    Билік 24 Oktabr 2023 3964

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев өңірлердің дамуымен танысу үшін 24 қазан күні Қашқадария облысына келді.

    Мемлекет басшысы бүкіл еңбек жолында әр саланың орындарына тікелей барып, халықпен араласып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне сүйене отырып жұмыс жасайды. Республика аймақтарына сапарлардың басты мақсаты – ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеру, аудандарды индустрияландыру, жұмыс орындарын көбейту, әлеуметтік жағдайын жақсарту.

    Бұл жағдай Қашқадария облысына сапарда да көрініс тапты. Мемлекет басшысы алдымен «Sulton Tex Group» кластеріне қарасты тоқыма кәсіпорнының қызметімен танысты.

    Жалпы құны 8 миллион 200 мың долларды құрайтын бұл кәсіпорын өткен жылы пайдалануға берілген. Заманауи технология мен құрал-жабдықтардың арқасында жылына бұл кәсіпорын 5 миллион дана тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру қуаттына ие.

    Бір қызығы, кластер «жаңа өнім – жаңа ел» қағидаты бойынша экспортқа шыға бастады. Бүгінде сапалы тауарлар Америка Құрама Штаттары, Канада, Польша, Сингапур, Ресей сияқты елдерге толығымен экспортталады. Табыс, еңбек өнімділігі сәйкесінше жоғары. Кластердегі мақта өсіру мен өндірудің барлық тізбегінде 3 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

    Президент кәсіпорындағы жұмыс барысымен танысты. Мұндай жобалардың облыс экономикасы мен халықты жұмыспен қамтудағы маңызы туралы пікір айтылды. Бұл саладағы мүмкіндіктер толық пайдаланылмай жатқаны шенеуніктерге көрсетілді.

    - Халыққа, әсіресе ауыл тұрғындарына лайықты өмір сүру жағдайларын жасау біздің реформаларымыздың негізі болуы керек, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Өзбекстанда мақтаны ең көп өндіретін Қашқадария облысы екені белгілі. Бірақ оны өңдеп, дайын өнімге айналдыру аз. Мәселен, мата тоқу, бояу ісі жолға қойылса, аудандарда қосымша 60 мың адамды жұмыспен қамтуға болады.

    Осы мақсатта «Sultan Styles» кәсіпорнында «20 мың кәсіпкер – 500 мың білікті маман» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тәжірибелік моноорталық құрылып, жұмыссыз халықты тоқыма мамандығына оқыту жолға қойылуда. Бұл процесс екі кезеңнен тұрады, біріншіден, әйелдерге кәсіпорындағы технология мен құрал-жабдықтарды пайдалану, еңбек қауіпсіздігі ережелері үйретіледі. Келесі кезеңде жаттықтырушыларға бекітіліп, практикалық білім мен дағдыларды тікелей жұмыс орнында меңгереді.

    Осында Мемлекет басшысына «Шахрисабз», «Китаб» және «Қамаши» аудандарындағы туризмді дамыту жобалары таныстырылды. Ауылдардағы инфрақұрылымды жақсарту, туристік маршруттармен таныстыру, халықтың табыс көздерін кеңейту жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates