Тұрғындардың проблемалары үйреніліп, мемлекеттік қызметтер көрсетілді

    Тахтакөпір ауданының орталығынан 150 шақырымда жерде, Қазақстан Республикасының шекарасында орналасқан «Қоструба» махалла азаматтар жиынында 101 отбасында 492 адам жасайды.

    Мемлекеттік қызметтер агенттігі Қарақалпақстан Республикасы басқармасы және Өзбекстан Республикасы Президентінің Қарақалпақстан Республикасындағы Халықты қабылдау бөлмесі тарапынан осы аймақта жасайтын тұрғындардың жағдайынан хабар алынып, жылжымалы мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Бүгінде махалла азаматтар жиыны аумағындағы №23 жалпы орта білім беретін мектепте 36 оқушы білім алуда. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Пердеш Исмайлованың ұйымдастыруымен отбасылық беймемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесінде 15 бала тәрбиеленеді.

    Ауданда тұратын азаматтардың алысын жақын ету мақсатында ұйымдастырылған шара аясында Тахтакөпір аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері азаматтарға кадастрлық құжаттарды ресімдеу және тұрғын үйді мемлекеттік тіркеу бойынша жылжымалы мемлекеттік қызмет көрсетті. Сонымен қатар Роза Қарақұлова есімді азамат аудан орталығынан шалғайда жасап, барып келуге мүмкіндігі болмағандықтан көптен бері кадастрлық құжат ала алмай жүрген еді. Нәтижесінде бұл азаматтың кадастрлық төлқұжаты сол жерде ресімделіп берілді.

    Шара барысында ауданда орналасқан отбасылық беймемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемесінің тәрбиеленушілеріне Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігінің Қарақалпақстан Республикасы Басқармасының сыйлықтары табыс етілді. Аумақтың тұрғындарына Халыққа қызмет көрсету орталықтары тарапынан көрсетілетін қызмет түрлері, салада жүргізіліп жатқан реформалар және осы салада қабылданған нормативтік-құқықтық құжаттардың мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету агенттігі Қарақалпақстан Республикасы Басқармасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates