Академик Ахмадали Асқаровтың туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті

    Өзбекстан Ғылым академиясында еліміздің көрнекті археолог ғалымы, академик Ахмадали Асқаровтың туғанына 90 жыл толуы атап өтілді.

    Осы салтанатты шараға Үкімет өкілдері, академиктер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымның әріптестері мен шәкірттері қатысты.

    Салтанатты жиынды Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының президенті, академик Шавкат Аюпов ашты. Ол өз сөзінде соңғы жылдары ғылым-білімнің өркендеуіне, атап айтқанда, тарих пен археология салаларының дамуына Мемлекет басшысы тарапынан жоғары көңіл бөлініп, жасалып жатқан мүмкіндіктерге ерекше тоқталды.

    Содан соң Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі Хайриддин Султанов мемлекетіміз басшысының шынайы құттықтауын жеткізді, академик Ахмадали Асқаровтың көп жылғы жемісті ғылыми қызметі мен археология саласындағы жоғары жетістіктері үшін алғыс білдіріріп, «Буюк хизматлари учун» орденімен марапаттау туралы Жарлығын оқып естіртті.

    Шарада сөз алған Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Қунғиротбой Шарипов те ғалымды жоғары бағалап, құттықтауын жеткізіп, Ахмадали Асқаровты «Жоғары білім беру үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

    Кездесуде академиктің ғылыми мұрасы, оның өзбек археологиясы мен жалпы тарихтануға қосқан баға жетпес үлесі жоғары бағаланды. Сөз сөйлегендер оның бай ғылыми мұрасы мен шәкірт тәрбиелеудегі қызметі туралы шынайы ойларын білдірді.

    Салтанатты шара соңында қатысушылар академик Ахмадали Асқаровты 90 жасқа толған мерейтойымен және Мемлекет басшысының жоғары наградасымен құттықтады. Олар оған ұзақ өмір, зор денсаулық, ғылыми қызметіне жаңа жетістіктер тіледі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates