Әлиауыл абаттануда

    Ел назарында 16 Iyun 2021 1406

    Соңғы жылдарда Мемлекетіміз басшысының бастамасымен Аралбойы аумағында кең көлемді жобалар жүзеге асырылуда.

    Сондай-ақ теңіздің құрғап қалған аумақтарында сексеуіл, тағы басқа сорланған жерге шыдамды өсімдіктерден пайда болған орманзарлардың құрылғаны, Аралбойы тұрғындарының жақсы тұрмыс жағдайын жасаудағы істер осылар қатарында.

    Бір кездері теңіз порты болған Мойнақ теңізінен жүздеген километр қашықта орналасқаны шындық… Аудандағы “Әлиауыл” ауылы орталықтан 80 километр қашықтықта орналасып, бұл жерде 3 мыңға жуық тұрғын өкілі жасайды. “Әлиауылда” жасайтын азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамту, сондай-ақ бұл жерде инфрақұрылымды құру мақсатында Өзбекстан Экологиялық партиясының бастамасымен “Абат махалла” бағдарламасы жүзеге асырылуда.

    — Теледидарда “Абат ауыл” бағдарламасы негізінде абат болған ауыл және ауылдарды әуеспен қарап, күн келіп, біздің Әлиауылда үлкен көлемдегі абаттандыру істерінің атқарылуы ойыма да кіріп шықпаған, — дейді ауыл ақсақалы Мәжид Шерниязов. Бұл сияқты істерге ауылымыздың жастары мен қариялары бағдарламаның жүзеге асырылуына өз үлестерін қосуға бел буған.

    Бір сөзбен айтқанда, “Әлиауылда” абаттандыру істері қарқынмен жүргізілуде.

    Сондай-ақ, аталмыш ауылда Нөкіс қаласы мен Мойнақ ауданы орталығынан келген бір топ дәрігер тұрғындарды медициналық тексеруден өткізуде.

    Білікті мамандар тереңдетілген медициналық тексеру барысында ауыл тұрғындары ультрадыбыс, УЗИ, ЭКГ тексерулерден өтіп, мобильді зертханаларда қан нақтамаларымен бірнеше минутта танысу мүмкіндігіне ие болуда.

    Бұдан тыс ауылда “мобильді мемлекеттік қызметтер” автобусында жүзден астам мемлекеттік қызметтер ауыл тұрғындарына ұсынылды.

    Шалғай ауыл тұрғындары игі істердің атқарылғанына дән риза екенін айтып өткен жөн.

    Бердақ Жиенбаев,

    Өзбекстан Экологиялық партиясы Қарақалпақстан Кеңесінің бас маманы.