Биыл бұл мәртебелі сыйлыққа танымал түрік биохимигі, Нобель сыйлығының лауреаты, Өзбекстан Ұлттық университетінің құрметті докторы Азиз Санжар лайық деп танылды.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Азиз Санжарды шын жүректен құттықтап, бұл беделді сыйлықтың ғылым қайраткеріне табысталуы түркі дүниесі ғалымдары мен жастарды жаңа жетістіктерге ұмтылуға шабыттандыратынын ерекше атап өтті.
Түркі мемлекеттері ұйымының ұлы ақыны әрі мемлекет қайраткері Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлық Өзбекстан Президентінің бастамасымен 2021 жылы тағайындалған. Ол түркі мәдениетін насихаттауға, бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сенімді нығайту және түркі халықтары арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан ерекше үлес үшін әр екі жыл сайын бір рет табысталады.
Бұл марапат алғаш рет 2022 жылы қырғыз жазушысы әрі қоғам қайраткері, марқұм Шыңғыс Айтматовқа берілген болатын.