Алмалықта «Суюрлитепа жәдігерлігі» жұмыс істей бастады

    Мәдениет 30 May 2023 329

    «Металлург» мәдениет сарайында Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ұлттық Археологиялық орталығы мен Алмалық кен-металлургия комбинатымен ынтымақтастықта дайындалған «Суюрлитепа жәдігерлігі» көрмесі ашылды.

    Жәдігерліктің ашылуына арналған шараға Алмалық кен-металлургия комбинатының басшылығы, Алмалық қаласы мен Ахангаран қала әкімдіктерінің жауапты басшылары, жоғары оқу орындарының студенттері, комбинат жастары қатысты.

    Онда бұл көрме Ахангаран оазисі мен Алмалық қаласы аумағының бай тарихын зерделеуде маңызы мен ерекшелігі зор деп айтылды.

    Өзбекстан Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, ғылыми зерттеу істердің ғылыми жетекшісі Ахмадали Асқаровтың көрмені ұйымдастыруда белсенді қатысқаны жоғары бағаланды.

    — АКМК демеушілігінде 2022 жылы Ахангаран ауданы Суюрлитепа жәдігерлігінде археологиялық қазба істерін жүргіздік, — дейді Өзбекстан Ғылым академиясы Тарихи институтының доктаранты Убайдулла Исмаилов. — Қазба істер барысында табылған заттардан құралған көрме де дайындадық. Бұл көрме экспонаттарының қатарынан 350 түрлі археологиялық заттар орын алған. Осы заттардың ішінде шамамен 2000 жылдан бұрынғы дәуірге қатысты заттармен бірге XII-XIII ғасырға қатысты бұйымдар да бар. Көрмеде 1200 жылдық кезеңді қамтитын тарихи заттар қойылған.

    Осылайша, «Суюрлитепа жәдігерлігі» көрмесі ресми түрде жұмысын бастады.

    Ботирхан Мунаваров,

    Ахангаран қаласы әкімдігінің қоғамдық істер бойынша кеңесшісі.