Денсаулық сақтау саласындағы атқарылған жұмыстар мен міндеттер пысықталды

    Билік 1 Iyun 2022 4574

    1 маусымда Президент Шавкат Мирзияев денсаулық сақтау саласындағы тапсырмалардың орындалу барысы мен алдағы жоспарларды пысықтауға арналған жиын өткізді.

    2022 жылдың 18 наурызында Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерімен ашық диалог жүргізгені белгілі. Онда айтылған мәселелер мен ұсыныстар негізінде заманауи медициналық тәжірибені енгізу, медициналық қызмет көрсетуді халыққа жақындату, қызметкерлердің жалақысын көтеру сынды көптеген міндеттер айқындалды.

    Жыл басынан бері 85 отбасылық дәрігерлік амбулатория мен емхананың ашылуы 700 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсетті. Өңірлерде хирургияда 27, эндокринологияда 7, кардиологияда 14 жоғары технологиялық оталардың қосымша түрі енгізілді.

    Соңғы айларда Мемлекеттік сақтандыру қорынан 25 мыңнан астам мұқтаж жандарға медициналық көмек көрсетілді. Қарақалпақстан, Жызақ, Қашқадария, Наманган, Сұрхандария және Ферғана қалаларында 87 мың адам мақсатты медициналық тексеруден өтті. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің айлық жалақысы 30 пайызға көтерілді.

    Жиында осындай практикалық жұмыстармен қатар алда тұрған міндеттер де сөз болды.

    – Адамның қадір-қасиеті қағидатын ескере отырып, соңғы жылдары медицина саласында көптеген қаулылар мен шешімдер қабылдадық. Жаһандық сынақтарға қарамастан, біз медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру шараларын қабылдадық. Барлық жерде, тіпті ең шалғай ауылдарда да жүйе көрінуі керек. Әрбір азаматтың денсаулығы бақылауда болуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.

    Жиында шенеуніктер саладағы менеджмент пен қаржылық жағдайды жақсарту, емдеу хаттамаларын өзгерту, медициналық сақтандыру жүйесін кеңейту, медициналық білім беруді дамыту жөнінде ақпарат берді.

    Ең алдымен, бастапқы деңгейге назар аударылып, биылғы жылдың соңына дейін тағы 51 отбасылық дәрігерлік амбулатория мен емхананы іске қосу, мың ауданда медициналық пункттер ашу, тұрғындарды мақсатты скринингтік тексеруден өткізу міндеттері қойылды. Жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың барысы қаралды.

    Облыстық ауруханалардағы жоғары технологиялық операциялардың санын 250-ге жеткізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, емдеудің жаңа жүйесін толық енгізу жөнінде тапсырмалар берілді.

    Президент жиында саланы цифрландыру мәселесіне тоқталды. Бұрынғы тапсырма бойынша бұл саладағы медициналық мекемелердің инфрақұрылымы жаңартылуда. Өңірлердегі ауруханалар компьютермен жабдықталып, жергілікті желіге қосылуда. Халықаралық стандарттар негізінде бірыңғай классификатор, тізілім және ақпарат алмасу бағдарламасы әзірленуде.

    Жиында денсаулық сақтау саласының барлық буындарын кезең-кезеңімен цифрландыру мен өзара байланыстырудың, нысандарды жаңғыртудың, ақылы қызметтердің көлемі мен түрлерін арттырудың маңыздылығы айтылды.

    Биылғы 25 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президентінің «2022-2026 жылдары ана мен баланы қорғауды күшейту туралы» қаулысы қабылданған болатын. Оған сәйкес, Ташкентте 191 аудандық және қалалық орталық ауруханаларда балалар жансақтау бөлімдері, 208 көпсалалы емхана және 71 отбасылық емханада балалар бөлімдері құрылды.

    Мемлекет басшысы мұндай бөлімдерді басқа аудандарда да ашу, сондай-ақ акушерлік, репродуктивті денсаулық және скринингтік орталықтардың қызметін дамыту қажеттігін айтты.

    Сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жүйені өзгерту, санитарлық ережелер мен нормаларды жаңарту, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша тапсырмалар берілді.

    Денсаулық сақтау министрінің әрбір орынбасарына өздері жауапты салалар бойынша «жол карталарын» әзірлеу тапсырылды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates