Америка университеттерінде практикаға көбірек көңіл бөлінеді

    Білім 24 Avgust 2022 1647

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті мен Жызақ облысындағы Ғаллаарал техникумы басшылығынан құралған делегацияның август айындағы Америкаға жасаған 17 күндік сапары аяқталды.

    Бұл сапардың соңғы мекені Миссисипи Штатындағы университет болды. 1878 жылы негізі қаланған университеттің білім беру бағыттары, оқу бағдарламасының бірегейлігі мен студенттерге жасалған жағдай Өзбекстан өкілдерінің назарын аударды. Сондай-ақ екіжақты оқу бағдарламалары, педагог кадрларды даярлау және бағалау, әдебиеттер дайындау бойынша бірқатар келісімдерге қол жеткізіліп, жол картасы жасалды.

    Тағы бір назар аударарлық жайт, бұл университеттің өсімдіктану және ветеринария факультеттеріндегі студенттерге теориядан гөрі, практика арқылы білім беруге арналған. Мәселен, ветеринария факультетінде оқитын студент университетті бітіргенге дейін өз бетімен 71 ота жасайды. Бұл болашақта жануарлардың денсаулығына жауапты сала мамандарын жеткілікті тәжірибемен салаға қадам тастауды білдіреді. Мұндай тәжірибені басқа бағыттардан да байқауға болады.

    Сонымен қатар, университеттің республикамыздың Жызақ облысында орналасқан «SILVER LEAF LLC» БК агрокластерімен тұрақты ынтымақтастығына да тоқталды. Сондай-ақ Ғаллаорол агротехникумының бітірушілерінің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, олардың әлемдік талаптарға сай маман болып қалыптасуына ықпал ету мақсатындағы жобаларды талқылау мен келісімдерге қол жеткізілді, бұл жерлестеріміз үшін тиімді болмақ.

    Осы сапар барысында қол қойылған екіжақты келісімдер мен жобалар, жинақталған тәжірибелер алдағы жылдары еліміздің аграрлық білім беру жүйесінде оң нәтиже береді деп күтілуде, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates