Аурухана 1975 жылы пайдалануға берілген. Содан кейін енді ғана биыл жөндеу жұмыстары жүргізілді. Клиника жылына орта есеппен тоқсан мыңнан астам келушілерді қабылдайды. 30 мыңнан астам науқас ауруханада емделеді. Әндіжан мемлекеттік медицина институтының студенттері дәл осы мекемеде практикалық сабақтар өткізеді.
Клиникада айтарлықтай жағдай жақсы емес. Нысан ескіріп, жөндеуді қажет етеді.
Мемлекет басшысы мұндағы жағдаймен танысып, емхананы толық реконструкциялауды және оның негізінде аумақ тұрғындары үшін кардиология, нейрохирургия, офтальмология және урология бойынша күрделі операциялар жасайтын медициналық орталық құруды тапсырды.
Президент емхана дәрігерлерімен сұхбат құрды.
- Адамның қадіріне жету, оның өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету үшін, ең алдымен, азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын жақсарту қажет. Бұл институт пен емхана осыған байланысты үлкен орталықтардың бірі болалады. Біз бұл үшін қажетті жағдай жасаймыз. Тек оқыту әдістерін жаңарту, әлемдік медицинада қолданылатын озық әдістерді қолдану қажет, - деді Шавкат Мирзияев.