Әндіжанда Шерали Жураев атындағы жоғары музыка және өнер мектебі құрылады

    Жоғары мектептің дарынды түлектері тиісті бакалавриат білім бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының 2-басқышынан жалғастыра алады.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстанның халық артисі Шерали Жураевтың естелігін мәңгілік ету және оның шығармашылық мектебінің дәстүрлерін лайықты жалғастыруға қатысты іс-шаралары туралы» (ПҚ-232-санды, 28.07.2025 ж.) қаулысы қабылданды.

    Қаулыға орай, Әндіжан мамандандырылған өнер мектебінің негізінде Шерали Жураев атындағы жоғары музыка және өнер мектебі құрылады. Жоғары мектепте оқу үдерісі 2025/2026 оқу жылынан басталады.

    Жоғары метепте бастауыш музыкалық білімі бар оқушылар шығармашылық сынақ негізінде 9-сыныптан қабылданады.

    Оқу үдерісі мемлекеттік грант негізінде 3 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып, бітірушілерге орта арнаулы кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

    Жоғары мектептің дарынды түлектері оқуды тиісті бакалавриат білім бағыты бойынша жоғары оқу орындарының 2-басқышынан жалғастыра алады.

    Сондай-ақ, жоғары мектепте Шерали Жураевтың шығармашылық бағыты мен қызметіне бағытталатын ғылыми-шығармашылық зертхана құрылады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates