Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстанның халық артисі Шерали Жураевтың естелігін мәңгілік ету және оның шығармашылық мектебінің дәстүрлерін лайықты жалғастыруға қатысты іс-шаралары туралы» (ПҚ-232-санды, 28.07.2025 ж.) қаулысы қабылданды.

Қаулыға орай, Әндіжан мамандандырылған өнер мектебінің негізінде Шерали Жураев атындағы жоғары музыка және өнер мектебі құрылады. Жоғары мектепте оқу үдерісі 2025/2026 оқу жылынан басталады.

Жоғары метепте бастауыш музыкалық білімі бар оқушылар шығармашылық сынақ негізінде 9-сыныптан қабылданады.

Оқу үдерісі мемлекеттік грант негізінде 3 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып, бітірушілерге орта арнаулы кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Жоғары мектептің дарынды түлектері  оқуды тиісті бакалавриат білім бағыты бойынша жоғары оқу орындарының 2-басқышынан жалғастыра алады.

Сондай-ақ, жоғары мектепте Шерали Жураевтың шығармашылық бағыты мен қызметіне бағытталатын ғылыми-шығармашылық зертхана құрылады.