Анклав аумақ – Сох ауданында МҚО филиалы жұмыс істей бастады

    Ферғана облысы Сох ауданының орталығынан шалғай, қатынауы қиын болған аумақ «Тул» ауылында мемлекеттік қызмет көрсету орталығы ашылды.

    80 мыңнан астам халық жасайтын Сох ауданын құрлықтағы арал деп атауға болады. Себебі, облыстың төрт жағы да көршілес Қырғызстан Республикасы шекарасымен тұтасқан.

    Биік таудың баурайында орналасқан 4 мың тұрғыны бар «Тул» махалла азаматтар жиыны аудан орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Бұл жергілікті тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуында қиындықтар туғызды. Мемлекеттік қызмет көрсету орталығының филиалының ашылуы тұрғындардың ауыр жүгін жеңіл, ұзағын жақын етті.

    —Сох ауданы анклав және таулы аймақ болғандықтан, қыста орталыққа бару қиынға соғады», — дейді махалла азаматтар жиынының белсендісі Рустам Таджиев. – Бір қызығы, бұл филиалдың қыстың аязды күндері мен жаздың аптап ыстығы күнінде жүздеген шақырым жерден келетін азаматтарға пайдасы зор. Қазір филиал «Тул» ауылының тұрғындарына ғана емес, жалпы саны 12 мың тұрғыны бар Ланбур, Девайрон, Сохибкор, Калъача, Ғазнов ауылдарының азаматтарына да қызмет көрсетеді.

    Филиалдардың жергілікті халықтың ұсынысы негізінде белгіленген күні мен уақытында жұмыс істейтіні халыққа ұнайды. Өйткені олар орталыққа жету үшін ұзақ жол жүрудің қажеті жоқ, олар ақшаны, уақытты босқа жұмсамайды.

    Ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары мен қалың жұртшылық қатысты.

    Элёржон Эксанов,

    Ферғана облыстық әділет басқармасының

    жұртшылықпен байланыс

    бойынша жетекші кеңесші.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates