Аномальды ыстықтан қалай сақтануға болады?

    Денсаулық 19 Iyul 2022 4644

    Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі жерлестерімізге мынадай ұсыныстар береді:

    Ең алдымен, көшеге шыққанда ашық түсті табиғи маталардан тігілген жеңіл киім кию, ыстықтан сақтайтын бас киім, көзайнек және қолшатыр пайдалану мақсатқа сай.

    Мүмкіндігінше майлы, ысталған тағамдарды жеуге болмайды, тез бұзылатын тағамдардан сақ болу керек.

    Ағзадағы су балансын сақтау үшін күніне орта есеппен 2-3 литр сұйықтық (салқындатылған көк шай, газсыз минералды су, йогурт, жеміс сусындары, кептірілген жемістердің қайнатпалары) ішу ұсынылады.

    Газдалған, энергетикалық және алкогольді сусындар, кофе ішуге болмайды.

    Күндіз жылы душ қабылдап, суық суға малынған сүлгімен денені мезгіл-мезгіл сүртіп отыру да дененің қызып кетуіне жол бермейді.

    Күн ұруы ең қауіпті жағдай болып табылады және зардап шегушіде жүрек айнуы, құсу, мұрыннан қан кету, көру қабілетінің нашарлауы мүмкін, жүрек соғысы және тыныс алуы қиындайды. Салқын сусын немесе йогурт ішіп, дереу дәрігермен кеңесу керек.

    Аномальды ыстық температура байқалған кезде, мүмкіндігінше тікелей күн сәулесінің астында дене еңбегімен айналыспау ұсынылады. Олай болса, күн сәулесінен қорғану үшін бас киім киіп, мезгіл-мезгіл салқын жерде демалған жөн, деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates