Алғаш рет 18 апрель күні жергілікті уақытпен сағат 04:10-де Анакарадан Ташкент әуежайына ұшып келген AnadoluJet әуе компаниясының Boeing 737-800 маркалы ұшағы, Өзбекстан Азаматтар авиациясы агенттігінің бас директоры Тахир Назаров, Түркия Республикасының Ташкенттегі елшісі Олган Бекар мен Түрік Әуе жолының Ташкенттегі офисінің менежері Селим Кахриман ұшақ баспалдақтарының алдындағы лентаны қиып, жолаушылар мен экипаж мүшелерін салтанатты түрде қарсы алды.
Міне, Түрік Әуе Жолдары және AnadoluJet билеттерінің бағасын салыстыратын болсақ, AnadoluJet-те, Ташкент-Анкара бағытының билет құны бүгінде 2,4 миллион сумды құраған болса, Анкара-Ташкент бағытының билет құны 1,7 миллион сум белгіленген. Бұл бағыттағы рейс аптасына бір рет – дүйсенбі күндері тұрақты түрде жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Tүрік әуе Жолдарында көрсеткіштер біршама жоғары, онда Ташкент-Стамбул бағыты үшін бүгінгі билет бағасы 2,8 миллион сумдан басталса, ал Стамбул-Ташкент рейстері үшін бұл 4,7 миллион сумды құрайды.
Ақпарат ретінде, AnadoluJet штаб-пәтері Анкарада орналасқан. Ол Түрік Әуе Жолдарының қосымша желісі болып, эконом-класс жолаушыларына арзан бағадағы рейстер мен сапалы қызмет көрсетуде.
Дамып келе жатқан технологияға инновациялық жанасу құндылығымен осы бренд алдын ала “Орындық және тағам таңдау” сияқты мүмкіндіктермен қызмет көрсету сапасын арттыруды жалғастыруда.
Әуе компаниясының паркінде 77 ұшақ бар, олар 89 бағытта ішкі және халықаралық рейстерді жүзеге асырады.