Антибиотиктердің тағы бір қауіпті жағы анықталды

    Денсаулық 8 Noyabr 2021 3160

    Індеттердің бірте-бірте әдетке айналғаны жаман. Өзімшілдік – солардың бірі. Әсіресе, ауруға шалдыққан кезде бұл кемшілік тек өзімізге зиянын тигізетінін, тіпті өмірімізге қауіп төндіретінін көптеген мысалдар арқылы келтіруге болады.

    Үйіміздегі дәрі-дәрмек қорапшасын ашып, қолда бар дәрілерді көрейік. Олардың арасында жараға, қызбаға, қан қысымын төмендететін, анальгетиктерге арналған түрлі жақпа майлардан басқа, белгілі бір топқа жататын антибиотиктердің де болуы ғажап емес.

    Себебі, арамызда кейде дәрігердің кеңесімен ғана қолданылатын дәрілерді ішетіндер де бар. Өкініштісі, мұндай дәрілерді өз бетінше қабылдау арқылы суық тию, жөтел, дене қызуының көтерілуі, терінің қабынуы, түрлі ауру, вирустық аурулардан асқынған немесе қайтыс болғандары да бар.

    Дегенмен, антибиотиктерді өз бетінше қолдану дененің басқа мүшелерінің қызметін де бұзады. Бұл әсіресе бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында өте ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін.

    Мұнда жақында швед ғалымдары антибиотиктердің тағы бір қауіпті асқынуын анықтады. Олар мұндай препараттарды қабылдаған адамдарда 5-10 жыл ішінде тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупі артады деген қорытындыға келді.

    Зерттеушілер алты жыл ішінде тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігі бар 40 000 науқасты бақылаған. Зерттеу барысында олардың соңғы 10 жылда қанша және қандай антибиотиктерді қолданғаны қаралып, талданған.

    Антибиотиктерді қабылдаған науқастарда тоқ ішек қатерлі ісігінің даму қаупі жоғары екені анықталды.