23-24 январь күндері жылы ауа райы кіріп келуі жалғасады, республика аумағының басым бөлігінде күн ашық ауа райы сақталады. 24 январьда республиканың солтүстік-батыс аумақтарына Волга бойы аумақтарынан ылғалды және суық ауа массалары кіре бастайды. Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика аумағының басым бөлігінде 23-24 январь күндері ауа температурасы түнде 2-5 градусқа дейін жылы, күндіз 12-15 градусқа дейін көтеріледі, ал солтүстік аумақтарда 24 январь күндізгі ауа температурасы 2-7 градусқа төмендейді.
25 январь еліміздің барлық аймақтарын ылғалды және суық ауа массалары басып, республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы, солтүстік аумақтарда түнде 6-11 градусқа дейін, күндіз 2-7 градустан аспайды.
26 январьда республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін, солтүстік-батыс аумақтарда жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде 2 градус шамасында суық-3 градус жылы, күндіз 3-8 градус жылы, солтүстікте түнде 6-11 градус суық, күндіз 0-5 градус суық болады.
Астанамызда: бүгін күн ашық болады. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз 10-12 градус жылы болады.
23-24 январь күндері астанамызда жауын-шашын күтілмейді. Ертең түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Ауа температурасы 23 январь түнде 0-2 градус шамасында, 24 январь түнде 3-5 градусқа дейін көтеріледі, 23-24 январь күндері күндіз ауа температурасы 12-14 градус шамасында болады.
25 январьда астанамызда мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градусқа дейін көтеріліп, күндіз 7-9 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Өзбекстан Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.