Апта ішінде Өзбекстанда ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріледі

    Ел назарында 12 Fevral 2024 109

    12-15 февраль күндері Өзбекстанның барлық аумақтарында февраль айының ортасында құрғақ және өте жылы ауа райы сақталады.

    12-13 февраль күндері ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы болады. 14-15 февраль күндері бұдан да жылы, түнде 5-10 градус, күндіз 19-24 градус жылы болады. Бұл температуралық фон февраль айының ортасындағы қалыпты мәндерден 10-12 градусқа жоғары.

    16 февраль күні Өзбекстан аумағының басым бөлігінде мұндай құрғақ ауа райы сақталады. Ауа температурасы күндіз 15-20 градусқа дейін төмендейді.

    16 февраль күні арктикалық суық және ылғалды ауа массалары Өзбекстанның солтүстік-батыс аумқтарына ғана енеді. Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында кей жерлерде жаңбыр, қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 3 градус суық-2 градус жылы болады.

    Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады, 15-16 февраль күндері кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

    12 февральда республиканың таулы аймақтарында қар көшу қаупі бар.

    Астанамызда: 12-16 февраль күндері жауын-шашын болмайды. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 12-13 февраль күндері түнде 3-8 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы, 14-15 февральда түнде 5-10 градус жылы, күндіз 19-22 градус жылы болады деп хабарлайды, Өзбекстан Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.