Сұхбат барысында тараптар көлік инфрақұрылымын дамыту, геология және цифрландыру жобаларына жеке қаржыландыруды тарту мәселелерін талқылады.
Бұл бастаманы АҚШ 2022 жылы июнь айында өткен G7 саммитінде көтерген болатын. Мақсат – дамушы елдерде сапалы инфрақұрылымды дамыту үшін инвестицияны жұмылдыру.
Бастамаға аясында Құрама Штаттар гранттары, федералды қаржыландыру және жеке сектор инвестицияларын тарту арқылы бес жыл ішінде 200 миллиард долларға дейін, ал G7 елдері болса 600 миллиард долларға дейін қаржы бөледі. Бастаманы жүзеге асыруға Дүниежүзілік банк пен BlackRock, Brookfield, Global Infrastructure Partners сияқты жеке инвестициялық компаниялар қатысуда.
Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды өзекті мәселелері, сонымен қатар инвестиция әкелу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша сындарлы пікір алмасылды.
Кездесу соңында екіжақты қарым-қатынастың барлық талқыланған бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге дайын екендігі айтылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.