«НАТО Бас хатшысы Марк Руттемен өткен өте нәтижелі кездесуден кейін біз Гренландия және, әрине, бүкіл Арктика аймағы бойынша болашақ келісім үшін негіз қаладық. Егер бұл шешім жүзеге асса, Америка Құрама Штаттары мен барлық НАТО елдері үшін өте пайдалы болады», – деп жазды ол.

Трамптың айтуынша, осы келісімге негізделіп, ол 1 ақпаннан бастап күшіне енуі жоспарланған бірқатар Еуропа елдеріне қатысты тарифтерді енгізбейді, деп хабарлады report.az.

«Гренландиядағы “Алтын күмбез” (зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі) бойынша келесі талқылаулар жалғасып жатыр. Келіссөздер жүріп жатқан кезеңде, қосымша ақпарат ұсынылады. Вице-президент Жей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, арнайы елші Стив Уиткофф және тағы басқалар қажеттілігіне қарап осы талқылауларға басшылық етеді», – деді Трамп.