АҚШ-тың Конгресс мүшелері Самарқант қаласында болды

    Ел назарында 6 Oktabr 2021 940

    Қонақтар мемлекетімізге сапары аясында Самарқант қаласында да болды.

    АҚШ-тың парламент мүшелерін Самарқант облысының әкімі Э.Турдимов күтіп алып, қабылдады.

    Өткен сұхбатта Өзбекстан және АҚШ аумақтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша пікір бөлісті.

    Самарқант облысы әкімі облыстың инвестициялық және туризм әлеуеті туралы толық мәлімет берді, сондай-ақ АҚШ-тың жетекші компаниялары өнеркәсіп, машинажасау, ауыл шаруашылығы және туризм индустриясы сияқты салаларда ынтымақтастық жасауға ұсыныс білдірді.

    Қонақтар Самарқант қаласының тарихи жәдігерліктерімен, көркем орындарымен танысты.

    Самарқант қаласы сәулеткерлік жәдігерліктердің көркемдігіне, өзіне тән жақтарына АҚШ-тың парламент мүшелері таңырқады.

    АҚШ-тың Конгресс мүшелері Гөрі Әмір кесенесін, Ұлықбек обсерваторясын, Регистан алаңы мен Бибіханым медреселерін зиярат жасады.

    Қонақтар әлем цивилизациясы қазынасының ажыралмас бөлігі болған өзбек халқының мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа абайлап-сақтау үлкен ерекшелікке ие екенін айтылды, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.