АҚШ Президенті Өзбекстан Президентіне құттықтау жолдады

    Билік 20 Mart 2023 4273

    Құрметті Президент мырза! Америка халқының атынан Сізге және Өзбекстан халқына Наурыз мейрамымен ең жақсы тілектерімізді жолдаймын.

    Өзбекстан Республикасының Президенті
    Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзиёевке

    Құрметті Президент мырза!

    Кейінгі бір жылда Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары ортақ мәселелерді шешу, халықтарымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында біріккен.

    Осынау ояну мен жаңару маусымында АҚШ Өзбекстан халқына деген адалдығын қуаттайды. Бүгін біз жаңа белестерді белгілеп, берік бейбітшілік пен өзара түсіністік рухында ортақ болашақ жолындағы күш-жігерімізді жалғастыра, елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік пен халықтарымыз достығы одан әрі нығая түсетініне сенімдімін.

    Наурыз құтты болсын!

    Құрметпен,

    Джозеф Байден,

    Америка Құрама Штаттарының Президенті