АҚШ-тың туризм саласының жетекшілерімен мүдделі кездесулер өткізілді

    АҚШ-тың Флорида штатының Маями қаласында жүрген Өзбекстан делегациясы «World Travel EXPO» (WTE-Miami) халықаралық саяхат және туризм көрмесіне қатысу аясында бірқатар кездесулер өткізді.

    Сонымен қатар:

    Орталық Америка туризм агенттігінің (CATA-ның) маркетинг және жарнама бойынша кординаторы Карина Кантомен кездесу ұйымдастырылып, Өзбекстанның туристік әлеуетін САТА мүмкіндіктерінен пайдалана отырып АҚШ пен Латын Америкасы елдерінде кеңінен насихаттау және хабардар ету бойынша ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.

    “CAMACOL” Туризм комитетінің (АҚШ-тың Латын сауда Палатасы) Президенті Хосе Джо Чи және Бас директоры мен төрағасы Хайме Рохаспен кездесуде Өзбекстан туроператорлары және CAMACOL мүшелері арасында ынтымақтастық орнату, АҚШ және Латын Америкасындағы жетекші испан БАҚ өкілдері мен сахатшы блогерлері үшін Өзбекстанға танысу сапарларын ұйымдастыру және CAMACOL мүшелері арасындағы жыл сайынғы кездесулер, конференциялар, форумдар өткізу үшін бірыңғай MICE мекен ретінде танытуда ынтымақтастық жасауға келісілді.

    «Kotus Wellness» компаниясының негізін қалаушы және директоры Довиле Каспариенмен кездесу аясында тұрақты жасыл туризмді дамыту, «Kotus Wellness» ресми парақшасында және әлеуметтік желілерде Өзбекстанның беделін ілгерілету және «жасыл» туристік маршруттарды әзірлеу арқылы саяхатшылар ағынын арттыру мәселелері талқыланды.

    Global Child «Travel & Purpose» маркетинг бойынша директоры Мануэль Клементемен Өзбекстанның туризм әлеуеті, мәдени мұрасы, гастрономиясы мен тыныс-тіршілігі туралы сериалдарды түсіру, АҚШ және тағы басқа елдердің ірі платформаларында Өзбекстан туралы бейнероликтерді эфирге ұсынуда ынтымақтастық жасау мәселелерін талқылады.

    «INK Global» компаниясының Стратегиялық медиа ынтымақтасты бойынша директоры Андрес Моралеспен кездесуде Өзбекстанның туристік әлеуетін «INK Global» платформаларында мақсатты және цифрлық насихаттау, сапалы контенттер әзірлеу арқылы АҚШ және Латын Америкасы саяхатшыларын елімізге тартуда ытымақтастық орнату мәселелері қарастырылды.

    Айта кетейік, Өзбекстан «WTE-Miami» көрмесіне алғаш рет қатысу арқылы жүздеген келушілерді қызықтырды және сарапшылардың бағалауы бойынша ең тартымды және динамикалық павильон деп танылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates