Сатудан түскен қаражат АҚШ бақылауындағы шоттарға аударылады, деп хабарлады АҚШ Энергетика министрлігі.

АҚШ шамамен 30–40 миллион баррель мұнай сатуды жоспарлап отыр, ал сауда «шексіз жалғасады». «Қаражат АҚШ үкіметінің қалауы бойынша Америка мен Венесуэла халқының мүддесі үшін бөлінеді», – делінген Энергетика министрлігінің баспасөз хабарында.

Департамент жанылғыны сату үшін « әлемдегі жетекші тауар жеткізушілер мен негізгі банктерді» тартты. «Венесуэлаға және Венесуэладан мұнай тасымалдау тек АҚШ заңдары мен ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес заңды әрі өкілетті арналар арқылы жүзеге асырылады», – деп атап өтті департамент.

АҚШ Энергетика министрлігі Венесуэланың электр желісін жаңғыртуды жоспарлап отыр, бұл «мұнай өндіруді арттыру, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және Венесуэла халқының өмір сапасын жақсарту үшін аса маңызды».

АҚШ энергетика министрі Крис Райттың айтуынша, америкалық компаниялардың Венесуэлаға келуі елдегі мұнай өндіру көлемін тәулігіне жүз мыңдаған баррельге арттыруы мүмкін. Reuters агенттігі осы апта соңында АҚШ мұнай компанияларының басшылары Ақ үйде Венесуэла мұнай секторын қалпына келтіру мәселесін талқылайтынын хабарлады, деп жазды kommersant.ru.