Араб үйлестіру тобымен ынтымақтастық кеңейтіледі

    Үстіміздегі жылдың 4 мартында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Ташкент қаласында өткен Араб үйлестіру тобының (AҮТ) дөңгелек үстел сұхбатына қатысты.

    Шараның негізгі мақсаты – AҮТ-ға мүше ұйымдардың қатысуымен ағымдағы біріккен жобаларды іске асыру барысын қарастыру және экономиканың үстем салаларындағы жаңа болашағы зор бастамаларды анықтау.

    Шараға сондай-ақ Халықаралық Ислам сауда және қаржы корпорациясы, Ислам Даму Банкі, Саудия даму қоры, Катар даму қоры, Абу-Даби даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры, ОПЕК Халықаралық даму қоры, сондай-ақ, Өзбекстанның министрліктері мен кеңселердің басшылары қатысты.

    — Бүгінгі таңда 40-тан астам жоба жүзеге асырылған болса, 21 жоба жүзеге асырылу үстінде, 8 жоба әзірленуде, — деді Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов. — Ташкентте AҮТ дөңгелек үстел сұхбаттары бұған дейін 2014 — 2018 жылдары өткен болатын, бұл өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және елдің ең маңызды жобаларын жүзеге асыруға қызмет етті.

    Шараның екінші сессиясында министрлік пен кеңселер тарапынан көлік, логистика, туризм, сумен қамту, денсаулық сақтау, білім, шағын және орта бизнес жобаларын қолдап-қуаттау салалрында 20 жаңа болашағы зор жобалар ұсынылды.

    Араб үйлестіру тобы делегациясының өкілдері – AҮТ құрамына кіретін құрылымдардың басшылары өз кезегінде, жобалардың жоғары деңгейде әзірленуі, олардың ел өнеркәсібін жаңғырту мен инфрақұрылымды дамытудағы маңызды рөлін айтты, оларды эксперт дәрежесінде толық зерделеуде және кейіншелік жүзеге асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

    Давра суҳбати кун тартибига мувофиқ, БМТнинг Оролбўйи минтақаси учун Инсон хавфсизлиги бўйича Кўп томонлама шериклик траст жамғармаси томонидан Оролбўйи минтақаси аҳолисининг турмуш шароитини яхшилаш бўйича Ўзбекистонда амалга оширилаётган лойиҳалар ва аҳолининг яшаш шароитларини яхшилаш учун ресурсларни сафарбар этишнинг қўшимча имкониятлари кўриб чиқилди.

    Дөңгелек үстел жиналысының күн тәртібіне сәйкес, БҰҰ-ның Аралбойы аумағы үшін Адам қауіпсіздігі бойынша Көпжақты серіктестік траст қоры тарапынан Аралбойы аумағы тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша Өзбекстанда жүзеге асырылған жобалармен тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін ресурстарды жұмылдырудың қосымша мүмкіндіктері қаралды.

    Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүзеге асыру мен қоршаған ортаға оң әсер ету мәселелері талқыланды. AҮТ делегациясы өзекті экологиялық проблемаларды шешуге және жергілікті қауымдастықтардың игілігі үшін тұрақты дамуды қолдауға өзінің адалдығын білдірді.

    Сондай-ақ, кездесу аясында AҮТ делегациясы ағымдағы жылдың 2-3 май күндері өтетін Ташкент халықаралық инвестициялық форумына және сентябрь айында Самарқантта өтетін AИИБ жыл сайынғы жиналысына қатысуға шақырылды.

    Кездесу соңында тараптар алдағы ынтымақтастықтың нақты механизмін қамтитын Дөңгелек үстел сұхбатының Қорытынды хаттамасына қол қойды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates