«Ташкент қаржылық хабқа айналу үшін әлеуеті зор» — халықаралық қаржы орталығын құру мәселесі талқыланды

    Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында «Орталық Азия» халықаралық қаржы орталығын (ХҚО) құру тақырыбында дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Қазіргі таңда Өзбекстан астанасын халықаралық бизнес пен инвесторлар үшін аймақтағы жетекші қаржы хаб, бәсекеге қабілетті инвестициялық қаржы орталығына айналдыру мақсатында Ташкентте халықаралық қаржы орталығын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. ХҚО-ны құру «Өзбекстан—2030» Стратегиясының мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды қозғалушы күш, сондай-ақ қосымша инвестицияларды тарту және корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибелері мен ESG және технологияларды енгізу мақсатын көздеген.

    Дөңгелек үстел барысында сарапшылар Ташкенттің әлемдік инвесторларды тартудағы артықшылығын, Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығының факторларын және оны арттыру үшін қажетті жағдайларды талқылады. Сондай-ақ, жобаның ағымдағы жағдайы мен оны жүзеге асырудағы алғашқы қадамдар қарастырылды.

    Модератор міндетін Hudson Sandler LLP бас директоры,Эндрю Хейс орындады.

    Дөңгелек үстелге қатысушылары:

    - ХҚО талдау кеңсесінің директоры Алена Долгова

    - Uzum Holding бас кеңесінің төрағасы, Сергей Саликов

    - Franklin Templeton тікелей инвестициялар жөніндегі директоры Тек Хоан Он

    - Avesta Investment Group компаниясының басқарушы серіктесі Карен Срапионов

    - J.P. Morgan аумақтық директоры Тимур Құрманбаев

    - Өзбекстан Президенті құзырындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің төрағасы Ғолиб Холжигитов

    Дөңгелек үстел сұхбатын жүргізген модератор Эндрю Хейс Өзбекстан Президентінің Ташкентті ХҚО-на айналдырудағы орны ерекше екенін атап өтті.

    «Президент атап өткендей, қаржылық қызмет көрсету экономиканы дамытудың негізгі жақтарының бірі болып табылады. Ал Ташкент уақыт өте келе аймақтағы жетекші қаржы орталығына айналу, инвесторлар үшін тартымды қаржылық хаб болуына толық әлеуеті бар».

    Халықаралық қаржы корпорациясының талдау кеңсесінің директоры Алёна Долгова халықаралық қаржы орталығы ретіндегі Ташкенттің үш негізгі тірегі бар екенін айтты:

    “Бірінші – әкімшілік және құқықтық инфрақұрылым. Бұл инвесторлар үшін өте маңызды саналады. Әсіресе, халықаралық деңгейдегі құқықтың элементтері елде болуы үлкен маңызға ие. Екіншісі, әрине мамандық. Мұндағы басты маңызды жайт – инвесторларға дәстүрлі қаржылық әдістер мен өнімдерді пайдалануға кең мүмкіндік беру. Өңірде Ислам банктерінің пайда болу мүмкіндігі Ташкент үшін стратегиялық бағытқа айналады деп күтілуде. Үшіншісі – экономиканың бәсекеге қабілеттілігі. ХҚО есеп-қисапқа орай, Өзбекстанда ЖІӨ-нің жылдық өсімі 2030 жылға дейін 5 пайыздан жоғары болады. Мемлекет өте қарқынды дамып келеді және астана Ташкент – әлемдік инвесторлар үшін қолайлы ортаны жаратуда”.

    Ж.П. Морган аймақтық директоры Тимур Құрманбаев, мемлекетке инвестициялар ағынын арттыру үшін не істеу керектігі туралы айтты.

    «Түркияның Премьер-министрі атап өткендей, бұл үшін екі нәрсе қажет – саяси ортаның тұрақтылығы мен болашақтағы саясаттың айқындығы. Біз мемлекетті халықаралық капитал базарына көбірек әсер етуді қалаймыз, өйткені бұл бизнес иелері қалайтын және күтетін дәреже. Мемлекет IPO және басқа да шаралар арқылы халықаралық экономикаға ашықтығын көрсетіп жатқаны бізді қуантады. Мұны ұзақ жылдардан бері көпшілік күткен еді», - деді ол.

    Франклин Темплетон тікелей инвестициялар директоры Тек Хоан Онгтың айтуынша, капитал базары мемлекет дамуында өте маңызға ие.

    «Бұл тек экономикаға немесе компанияларға ғана емес, сонымен қатар көп назар аударылмайтын қарапайым адамдар үшін де пайдалы. Мемлекет тұрғындарына ақшасын инвестициялайтын орын керек, тура капитал базары сияқты. Инвесторлар бірінші кезекте мемлекетке инвестиция салмас бұрын сенімділік іздейді. Қаржы секторындағы тұрақтылық және ХҚО-ның құрылуы бұл сенімділікті береді», — деді Тек Хоан Онг.

    «Бұл экономикаға немесе компанияларға ғана емес, сонымен қатар жиі назар аудармайтын қарапайым адамдар үшін де пайдалы. Ел халқына капитал нарығы сияқты ақшасын салатын орын керек. Инвесторлар елге инвестиция салмас бұрын алдымен сенімділік іздейді. Қаржы секторындағы тұрақтылық пен ХҚО-ны құру бұл сенімділікті береді», — деді Тек Хоан Онг.

    Тағы бір спикер Карен Срапионов, соңғы жылдары бірнеше ірі компаниялар жекешелендірілгеніне қарамай, олардың көпшілігі жергілікті базардан шығып кеткенін айтуда. Срапионов мемлекеттің қаржылық секторында жасалуы керек болған істердің көптігін айтып, Халықаралық қаржы орталығының құрылуы үдерісін жеделдетуге көмектесуге үміт білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз хатшысы.