Бірнеше өтініштер шешімін тауып, жедел жәрдем көліктерін жаңарту қажеттігі айтылып, іс жүзіндік көмек сұрағандардың мәселесі шешіліп, бүгінде көпшілік қуанышқа бөленіп отыр.
Президенттің медицина саласын дамытудағы реформалары бойынша Әндіжанға бөлінген 45 жедел жәрдем көлігінің 5-уі, облыс басшысының тапсырмасымен Асака қаласындағы ЖМЖКБ-не әкелінді және пайдалануға тапсырылды.
Аталмыш “Volkswagen Caddy” маркалы көліктері жедел медициналық көмек көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Оның шығыны аз және пациенттерге тиісті күтім көрсетуде заманауи құралдармен жабдықталған.
Бұл көліктер қазір жұмыс істеп тұрған «Дамас» көліктерін алмастырып, барлық өңірлерге таратылады.