«Жедел жәрдемде» жалған шақыртулар 2 есеге азайған

    Жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысына кері әсер ететін факторлар көп.

    Әсіресе, жалған қоңыраулардың кесірінен медициналық бригадалар көп жағдайда шақыру орнына дер кезінде жете алмайды. Нәтижесінде дәрігерлер нағыз күтімді қажет ететін науқастар қалып, жалған қоңыраудың иесі мен оның орналасқан жерін анықтаумен әлек болады. Бұл ауыр науқастардың өміріне қауіп төндіретіні анық.

    – Саладағы оң өзгерістердің нәтижесінде соңғы жылдары «Жедел жәрдем» қызметінде жалған және негізсіз шақыртулар саны айтарлықтай азайды, – дейді Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Жедел жәрдем қызметін үйлестіретін диспетчерлік орталықтың басшысы Давлатбек Юлдашев. – Бұл жерлестеріміздің медициналық сауаттылығы мен жеке жауапкершілігінің артқанының белгісі.

    Цифрларды сараптайтын болсақ, 2022 жылдың 9 айында «103» қызметіне жалпы 4 мың 452 жалған қоңырау түскен. Бір қуанарлығы, бұл көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстыратын болсақ, негізсіз өтініштер саны 2 есеге азайғанын байқауға болады. Яғни, 2021 жылдың январь-сентябрь айларында мұндай қоңыраулар саны 8 мың 27-ні құраған еді.

    Дегенмен, кейбір өңірлерде жалған шағымдардың саны әлі де көп.

    Талдау көрсеткендей, ағымдағы жылдың өткен тоғыз айында мұндай қоңыраулардың ең көп саны Ташкент облысында тіркеліп, бұл 1 мың 208-ді құраған. Одан кейінгі орында 590 шақыртумен Қашқадария облысы. Сондай-ақ Ферғана облысынан осындай 587 өтініш түскен.

    Ақпарат үшін айта кетейік, 2022 жылдың 6 айында Республикалық жедел медициналық жәрдем қызметіне келіп түскен 2 727 шақыру жалған қоңыраулар деп танылған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates