Шыршық қаласындағы Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінде ауыр атлетикадан 4 күнге созылған ел кубогы аяқталды. Жарыста 130 ерлер мен әйелдер бақ сынады.
Спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Медальдардың қоржынында Ташкент облысының өкілдері жалпы 12 медальмен (5 алтын, 4 күміс, 3 қола) 1- орынды иеленді. Самарқанттық спортшылар жалпы саны 8 медальмен (3-4-1) 2- нәтижеге қол жеткізсе, үздік үштікті 9 медаль (2-5-2) жинаған Хорезм облысының балуандары түйіндеді.
Жарыста үздік ерлер мен әйелдер командаларының жеңімпаздары мен спортшылар да анықталды. Оның айтуынша, үздік ерлер командасы аталымын Самарқант қаласы, ал ең үздік әйелдер командасын Хорезм облысы жеңіп алды.
Ең үздік ер спортшы атағын намангандық Адхамжон Эргашев, үздік спортшы қыз атағын бұхаралық Нигора Абдуллаева иеленді.