Аваза қаласында парламентаралық ынтымақтастықтың болашағы талқыланды

    Түркіменстанның Аваза қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер жөніндегі үшінші конференциясы аясында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Әзербайжан Ұлттық Межлисінің Төрайымы Сахиба Гафаровамен және Түркіменстан Межлисінің Төрайымы Дунёгузал Гулмановамен кездесті.

    Шынайы рухта өткен диалог барысында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және көпжақты қарым-қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

    Әңгіме барысында Хиуа қаласында өткен Бірінші Өзбекстан-Әзербайжан парламентаралық форумы екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда тиімді тәжірибе алмасу алаңына айналғаны айтылды. Сондай-ақ Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізіліп отырған мұндай форумдар екі жақты байланыстарды жаңа басқышқа көтеруге қызмет етеді.

    Өзбекстан-Түркіменстан парламентаралық ынтымақтастық топтарының қызметі жүйелі әрі нәтижелі жалғасып жатқаны мойындалды. Кездесуде бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейту, сонымен қатар парламентаралық комиссия аясында жергілікті билік өкілдерінің қатысуы арқылы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Сұхбат барысында Орталық Азияда парламентаралық форумдарды тұрақты түрде өткізу, шекаралас аумақтар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, делегациялар алмасуын жолға қою сияқты бастамалар аймақтық интеграцияны тереңдетуге қызмет ететіні айтылды, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates