Осылайша, мереке күндері Ташкенттегі автобус бағыттарының қызметі төмендегідей ұйымдастырылады:

2021 жылдың 31 декабрі демалыс күні. Автобустар сенбі күндері бекітілген кесте бойынша жүреді. Жұмыс уақытының аяқталуы 1 (бір) сағатқа ұзартылады;

2022 жылдың 1 январы демалыс күні. Жексенбі күндері бекітілген кестелердің санын  40%-ға қысқартып автобустарды жұмысқа шығару жоспарлануда;

2022 жылдың 2, 3 және 4 январы демалыс күндері. Автобустар жексенбі күндері бекітілген кестеге сәйкес жүреді;

2022 жылдың 8 январы сенбі, жұмыс күні. Автобустар жұмыс күндері бекітілген кестеге сәйкес жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі  «Тошшахартрансхизмат» АҚ-ның ақпаратына сүйеніп.