Оған болашақта өз бизнесін ашқысы келетін жастар мен қыз-келіншектер қатысуда.
Мақсат – жастар мен әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын арттыру, отбасылық кәсіпкерлік бағдарламалары аясында несие алатын тұрғындардың дағдыларын дамыту, бизнесті басқаруда жеткілікті іс-тәжірибесін енгізу. Қазіргі уақытта осы бағдарлама аясында 100-ден астам ферғаналық тыңдаушылар мен сапалы, мүлдем тегін және іс-тәжірибеге бағытталған оқу үдерістері жүргізілуде.
Жаңа жұмыс орындарының ашылуы облыстың қаржылық-экономикалық өсу параметрлеріне оң әсер етеді. Іскерлік және кәсіпкерлік ортаны жақсартып, кәсіпкерлер қатарын көбейту, әсіресе жастарды кәсіпкерлікке тартумен тікелей байланысты. Семинар-тренинг барысында Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне кәсіпкерлік қызметті жолға қоюда мемлекеттік тіркеуден өту, бірінші қызметі үшін жасалған қаржылық-экономикалық мүмкіндіктер, құжаттарын тіркеу, 2022 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізілетін жаңа мемлекеттік қызметтер туралы тыңдаушыларға түсіндірілді.
Оқу курстары екі апта бойы жүргізіледі. Онда «Салық және міндетті төлемдер, жеңілдіктер», «Қаржылық несие көздері», «Маркетинг және өнімді тиімді сату» сияқты ондаған тақырыптар бойынша сабақтар өтеді. Оқыту курстарын сәтті аяқтаған соң сертификатталған тыңдаушылар коммерциялық банктер беретін жеңілдетілген несиелерді алып, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алады.
Ұйымдастырылған оқу семинар соңында қатысушылар аумақтағы тоқымашылық кәсіпорындардың бірінде жұмыс үдерісімен таныстырылды. Сапар барысында тәжірибеге байланысты сұрақтар мен жауаптар талқыланды. Қатысушыларға кәсіпорынды ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу, нарықты үйрену, маркетинг сияқты практикалық және теориялық білім мен дағдылар берілді.
МҚА Ферғана облыстық басқармасының баспасөз қызметі.