Әйелдердің саяси белсенділігін арттыру бойынша дөңгелек үстел сұхбаты өтті

    Ел назарында 1 Fevral 2023 1352

    Кеше Сенаттың Әйелдер және гендерлік теңдік мәселелері комитетінің мүшелері, Жергілікті өкілдік органдардың қызметіне жәрдемдесу, гендерлік теңдік, адам саудасы және мәжбүрлі еңбектің алдын алу мәселелері басқармасы, Өзбекстан саяси партияларының «Әйелдер қанаты» құрылымының басшыларының қатысуымен елімізде әйелдер саяси үдерістерде белсенділігін арттыру жөнінде дөңгелек үстел сұхбаты өтті.

    Онда 2030 жылға дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясының іске асырылу барысы, сондай-ақ мақсатты көрсеткіштері талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Президенті құзырындағы Статистика агенттігінің мәліметіне орай, бірқатар министрліктер мен кеңселер, сонымен қатар, саяси партиялар дер кезінде статистикалық мәліметтерді ұсынбаған. Сондықтан саяси партиялардың өкілдеріне аталмыш көрсеткіштерді әр айдың 5-іне дейін ұсынуы қажет екені айтылды.

    Сондай-ақ, шара барысында әйелдердің әлеуметтік-саяси өмірдегі рөлі мен сайлау үдерістеріндегі белсенділігін арттыру бойынша тікелей саяси партиялармен ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуге қатысты міндеттер талқыланды. Өз кезегінде, бұл бағдарлама алдағы уақытта әйелдердің саяси үдерістерге қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыруға қызмет ететіні тілге тиек етілді.

    Талқылау барысында қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар білдірілді. Атап айтсақ, Өзбекстанда саяси белсенді әйел имиджін жарату, саяси партияларға әйелдерді көбірек тарту, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар жан-жақты қолдап-қуаттау, жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер арасында саяси үдерістерді насихаттау сияқты бірқатар ұсыныстар бар.

    Шара соңында Олий Мажлис Сенаты мен Өзбекстанның саяси партиялары 2030 жылға дейін гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын жүзеге асыру, сондай-ақ Өзбекстандағы саяси белсенді әйелдерді қолдап-қуаттау бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates