«Айритом» шекара кеден бекетінде цифрлық кешендер іске қосылды

    Билік 1 Iyun 2021 5716

    Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Терміз ауданындағы «Айритом» шекара кеден бекетінде болды.

    Бұл нысан Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы жалғыз өткізу бекеті екені белгілі. Қазіргі күнде Өзбекстанның Ауғанстан және жалпы Оңтүстік Азиямен сауда-экономикалық қатынастары қарқынды дамып келеді. Кеден бекеті де соған сәйкес жаңартылды. Өзбекстаннан шығу және Ауғанстан тараптан елімізге кіру жолында паспорттық бақылау және кедендік тексеру залдары салынды.

    Мемлекет басшысы осы жаңа кешенде жасалған қолайлықтармен танысты.

    Шекаралық кеден бекеті «Цифрлық Өзбекстан - 2030» бағдарламасы аясында заманауи жаңа технологиялармен жабдықталған. Мысалы, «Z-Portal» инспекциялық кешені көліктерді үш жағынан суретке түсіруге мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, жүргізуші машинадан шықпай-ақ қызметтерді пайдалана алатындай сәулеленудің минималды мөлшері бар. Бұл сағатына 200 көлікке дейін өткізу мүмкіндігін береді. Елдегі басқа кеден бекеттерінде мұндай өткізу жылдамдығы сағатына 20-ны құрайды. Жалпы, шекаралық кеден бекеті тәулігіне 2000 жолаушыға дейін қызмет ете алады.

    - Бұл біздің бүгінгі өмірімізге пайдалы. Бірақ әлем сағат сайын өзгеруде. Енді жаңа бағанаға көтерілер кез келді. Мұнда ахуал орталығы мен бірге, талдау орталығы да болуы керек. Экономикалық қызығушылықты арттыру және қауіп-қатердің алдын алу үшін жаңа ұсыныстар енгізіп отыру қажет, - деді Шавкат Мирзияев.

    «Айритом» кеден бекетінің тағы бір ерекшелігі - ол бірден үш қызмет түрін ұсынады - пойыз, автокөлік және азаматтарға. Сондықтан өткізу қабілеттілігін жылдамдату және пайдаланушыларға ыңғайлылық жасау мақсатында жалғыз терезе принципі енгізілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Adani» және «Rapiscan» құрылғылары мен бейнебақылау жүйелері орнатылған.

    Мемлекет басшысы дәл осы жерде БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates