Азаматтарды әлеуметтік қорғау одан әрі күшейтілетін болады

    2024 жылғы 18 мартта Өзбекстан Республикасының Президенті қол қойған УРҚ-922-санды Заңмен кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізілді.

    «Жалгерлік туралы» Заңға жалға алушының мүгедек болып қалғандығы жалдау келісімшартын бұзу үшін негіз болуын жоюды көздейтін түзетулер енгізілді.

    «Азаматтардың мемлекеттік зейнетақымен қамту туралы» Заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, зейнеткерге есептелген, бірақ оның талап етпеген зейнетақы сомасын төлеу мерзімі 12 айдан 24 айға ұзартылды.

    Сондай-ақ азаматтарға зейнетақы тағайындауда мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары немесе БИМҚП (my.gov.uz) арқылы зейнетақы тағайындау құқығы берілді.

    Сонымен қатар, Заңда зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі тұтыну қаражаттары дәрежесінен төмен болмауын белгілеу, зейнетақы мөлшерлерін жыл барысында тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағалары индексі дәрежесінің өсу қарқынын ескере отырып, арттыру тәртібі анықталды.

    Сонымен бірге, «Азаматтардың жинақталған зейнетақымен қамту туралы» Заңға азаматта мемлекеттік зейнетақы құқығы туралы Зейнетақы қоры тарапынан Халық банкіне ақпарат жүйесі арқылы электронды түрде жіберілетін ақпараттар азаматтың зейнетақы төлемдерін алу үшін негіз болатынын көздейтін өзгертулер енгізілді, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates